Смартфонмен Қазақстандықтарға ойнауға болмайтын ойын

телефонға ойын Yeager Hunter Legend

Yeager Hunter Legend — IGG.COM шығарған ұялы телефонға арналған экшн-RPG ойыны. Үлкен ашық әлем, Экор планетасында жалғыз немесе онлайн достармен әртүрлі қару жарақтарды пайдаланып құбыжықтарды аулауп, ең басты миссияны орындау керек.

Экор — бұл өлтіріп тастайтын жаратылыстар мен қараңғы құпиялардың жұмбақ әлемі, мұнда ойыншыларға Йегер рөлі тағайындалады. Йегер — баға жетпес ұрланған жәдігерді-(реликвия) табу үшін басқа әлемге жіберілген элитный аңшы.

Ойында қарудың бес түрі бар, атап айтқанда, Аңшылық қылыш, Күш балғасы, Қаһарлы жүздер, Ашу бластері және Эйдолонның найзасы. Осылардың барлығында ерекше өзіне тән әртүрлі қозғалыстары бар. Ойыншылар жекпе-жекте комбинациялар арқылы қорқынышты тіршілік иелерін жою үшін осы қозғалыстарды үйреніп жетілдіріп отырады.

Бұдан басқа, ойыншылар кең ормандар мен бұралған каньондар арқылы да жүруі тиіс. Мұнда олар қауіпті аңдарымен кездеседі, олардың әрқайсысы бірегей жауынгерлік қабілеттерге ие. Ойын әлемді зерттеу, жоғары сапалы графика, әртүрлі ойын режимдері және т.б. бірнеше мүмкіндіктерге ие.

Google Play
App Store

Yeager Hunter Legend ойынын қалай жүктеп алуға болады?
Google Play App Storе-да өкінішке орай бізге Қазақстандықтарға бұл ойын жабық тұр, жүктеу үшін Валютаны Теңгеден долларға ауыстырып және VPN жазып басқа елді/мекенжайды қолданып көріңіз. Ерте ме, кеш пе сіз міндетті түрде жетістікке жетесіз. Сондай-ақ, Google Play дүкенінен аймақтық шектеуі бар элементті сатып алсаңыз, белгілі себептерге байланысты онымен үнемі VPN пайдалануыңыз қажет.

Оцените статью
Abzix
Abzix