Кинодан алынған Топ-5 пайдалы кеңестер

Пайдалы кеңестер

1.Адамдар өз құпияларын ашсын десеңіз, оларға кедергі келтірмей, өздері туралы айтуына мүмкіндік беріңіз, баяулағанда немесе әңгімелері таусыла бастаағанда, оларды алға жетелеп, сөйлесуді жалғастыруға шақырыңыз. Көбірек сұрақ қоиыңыз, айтар әңгіме таусылған жағдайда өздері туралы көп нәрсені ашатыны сонша, сізді таң қалдырады.

2.Сіз сатушы болсаңыз клиенттер сіздің дүкеніңізге келгенде, артыңызға үлкен айна қойыңыз, сонда олар өздерін көре алады — адамдар өзімшіл және тұтынушылар айнаға өздерін қарау үшін бейсаналық түрде дүкеніңізге қайта келеді және бір нәрсе сатып алмай олар дүкеннен кетуге ұялып тұрады.

3.Егер біреумен келіспеушілік туындайды деп ойласаңыз, оған қарсы емес, қасына отырыңыз. Сіздің позицияңыз азырақ дұшпандық және сіздің қасыңызда отырған адам қауіп-қатерді сезіну ықтималдығы аз. Бұл әдіс келіссөз үстелінде тиімді, және мектептерде көбінесе қолданады

4.Адамдар сізді бірден ұнатқанын қаласаңыз, жай ғана атын сұраңыз және аты сіздің есіңізде қалғанша сөйлесу барысында көбірек айтуға тырысыңыз (бірақ бассалып тек атын атай бермеңіз), Сіз атымен атаған кезде адамдар өздерін маңызды сезінеді.

5.Егер сіз адаммен мүмкіндігінше тез байланысуды қаласаңыз, оның дене тілін қайталаңыз. Бұл дегеніміз, егер ол аяғын қозғалтса, ешқандай күдік тудырмай, солай істеңіз. Күлгенде жымыйып қарап күлгендей болып отырыңыз (алайда бізде аһырып күлетін адамдар бар, ондай күлкіні құдай үшін қайталамаңыз), дене тілі вербалды емес қарым-қатынастың бір түрі болып табылады, қайталау әдісі сізге деген симпатия туғызады. Кеңестер пайдалы болса көшіріп алыңыз немесе ватсапқа жіберіп сақтап қоиыңыз.

Оцените статью
Abzix
Abzix