Богард деген кім және Ван Пис жанкүйерлері оны неге жақсы көреді?

Богард Ван Пис

Ван Пис анимесінде көптеген жұмбақтар бар, олардың бірі Богард. Ван Писте осы уақытқа дейін мыңнан астам кейіпкерлер көрсетілсе, соның ішінде көпшілікке ұнайтын ол әрине Луффидың командасы, ең нашар ұрпақ мүшелері, антагонистер, немесе оқиғаны өзгертетін жұмбақ адамдар Қызғылт шашты Шанкс және Луффидың атасы Гарп сыяқты аз суреттеледі, бірақ әсерлі сәттері үшін оларды жақсы көреді.

Теңіз қаһарманы Гарптың оң қолы Богард — осындай кейіпкерлердің бірі. Ол Дүниежүзілік үкімет құрған әскери ұйымда епті қылышшы. Тіпті оның теңіз әскеріндегі дәрежесі де жұмбақ, оған қоса Богардтың есімі анимеде өте сирек аталады.

Дегенмен, ол Гол Д.Роджерден бері Гарптың жанында және адал жолдас. Гарп жалпы жалғыз өзі бір әскерге татитын адам, оның жанында осыншама уақыт жүру, Богардтың қаншалықты мықты кейіпкер екендігін көрсетеді. Бірақ, неге соңғы кезде ол танымал?

Богардқа деген қызығушылықта басты фактор интриганы ұстай білу, Соңғы уақытқа дейін Шанкста Богард сыяқты болды, Екі кейіпкер де үлкен күштің иесі. Әрине Шанкс, Богардқа қарағанда анағұрлым маңызды кейіпкер болуы мүмкін, бірақ интрига — Ван Пистің маңызды бөлігі, ал Богард — осындай қызықты жұмбақтардың бірі.

Байқұс Гарптың тілін Эйста Луффида алмады, жылдар бойы қасында жүрген Богард көп нәрсе үйренген тәжрибелі жауынгер ретінде, болашақта осыдан бірдеңе шығады ау деген болжаммен, Ван Пистің жанкүйерлері үмітпен оны қолдап жақсы көреді.

Оцените статью
Abzix
Abzix